Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада түзеу мекемелеріндегі 104 сотталғанның жеке куәлігі жаңартылды

Биыл Қызылордада түзеу мекемелеріндегі 104 сотталғанның жеке куәлігі жаңартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеуші азаматтарды құжаттандыру жұмысымен арнайы есепке алу қызметкерлері айналысады. Қызылорда қаласындағы түзеу мекемелерінің арнайы есепке алу бөлімі мен қалалық көші-қон қызметі қызметкерлері мекемеде жазасын өтеп жүрген азаматтарды құжаттандыру мәселелері бойынша тығыз жұмыс жасауда. Жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесіндегі 26 сотталғанның және №60 мекемесіндегі 78 сотталғанның жеке куәлігінің мерзімі аяқталуына байланысты қайта жасалды.

– Жеке куәліктің болмауы – сотталғандардың бірқатар құқығын пайдалануға кедергі болады. Сондықтан да арнайы есепке алу бөлімінің қызметкерлері  сотталғандарды құжаттандыру мәселесін бірінші кезекке қояды. Мысалы, №60 мекемеде жазасын өтеп жүрген азамат жеке куәлігін бостандықта жүргенде жоғалтып алған. Арнайы есепке алу бөлімінің қызметкерлері сотталған азаматтың жеке басын куәландыратын құжатының жоқ екенін анықтап, Қызылорда қалалық көші-қон қызметінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, құжаттандыру жұмыстарын жасап бердік, – дейді мекеменің арнайы есепке алу бөлімінің бастығы Назерке Молдағалиқызы.

– Мен жеке куәлігімді алатыныма қуанып отырмын. Бостандықта жүрген кезімде құжатымды жоғалтып алған едім. Жеке куәлік алу үшін мекеме қызметкерлерінің көмегімен өтініш жаздым. Жол көрсетіп, кеңес айтқан ҚАЖ қызметкерлеріне алғысым шексіз, – деді сотталған азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру