Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада түзеу мекемесінде сотталған қалыңдығымен заңды некеге тұрды

Қызылордада түзеу мекемесінде сотталған қалыңдығымен заңды некеге тұрды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталған қалыңдығымен заңды некеге тұрды. Жазасын өтеуші Ақтөбе қаласының тұрғыны. Ол ұрлық жасағаны үшін сотты болып, ЗК-169/5 мекемесіне жазасын өтеуде. Қалыңдығы да Ақтөбе қаласынан. Танысып, араласып жүргенде бұл азамат сотты болған.

Сотталған ер адам қалыңдығымен заңды некеде тұру үшін өтініш берген. Мекемеге АХАЖ қызметкерлері сотталғанға келіп, неке қию туралы куәлігін табыстады.

– Бүгін мен үшін ең бақытты күн. Өзім ұнатқан қызбен некеге тұрдым. Бұл үшін мекеме қызметкерлеріне алғысымды білдіремін, – деді ол.

Мекеменің заң тобының маманы Гүлфарида Майлыбайдың айтуынша, жыл басынан 15 азамат заңды некеге тұрды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру