Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада түзеу мекемесінің қызметкерлері қайырымдылық жасады

Қызылордада түзеу мекемесінің қызметкерлері қайырымдылық жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ЗК-169/5 мекемесінің ұжымы жалғыз басты анаға қайырымдылық жасады. Жалғыс басты ана отағасы қайтыс болғаннан бері өмірдің тауқіметін жалғыз өзі өткеріп келеді. Жанына жалау болатын балалары да жоқ. Мүмкіндігі шектеулі кейуананың жай-күйімен қанық мекеме ұжымы азық-түліктерін жеткізіп берді.

– Мен бала сүйе алмай, шалымнан айырылып, осылай жалғыз қаламын деп ойладым ба?! Бәрі жаратқанның қалауымен болады ғой. Айналама тек жақсы адамдардың жиылғанына шүкіршілік етемін. Көлдей көңілдеріңе рақмет. Сендерді Алла жарылқасын, жолдарың ашық болсын, – деді Жұмакүл ана толғаныспен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру