Қызылордада ҰААТ-нің жетекшісі тергеу мекемесіне кітап тарту етті
ЗК-169/1 мекемесіне Қызылорда облыстық ҰААТ тобының жетекшісі Серік Теңізбаев 310 дана кітап тарту етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл кітаптар ата-анасының жеке кітапханасынан алынған. Мекемеге жеткізілген кітаптарды мекеменің бақылап өткізу бекетінде, мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Қайрат Олжабаев пен РжКБ-нің бастығының орынбасары Мақсат Досанов тексерістен өткізді.
Әкелінген кітаптарды бұдан соң, мекеменің теолог маманы да сұрыптап шықты. Теолог Рашит Рузиевтің айтуы бойынша, діни радикалды бағыттағы және шытырман оқиғалы кітаптар анықталған жоқ. Сыйға берілген кітаптар сан алуан. Олар, орыс және шетел клаcсик ақын-жазушылардың таңдамалы шығармалары мен әлем педагогтарының тәрбие тақырыбында жазылған шығармалары. Сонымен қатар, ӘнуарӘлімжановтың «Отырардың күйреуі», Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» триологиясы да бар болып шықты.
Ұлттық рухты оятатын бұл кітаптар, мекеме кітапханасында сотталғандар тарапынан көп сұранысқа ие. Сарапталынып, сұрыпталынған кітаптар енді кітапханашының атқаруымен, мөр басылып, тіркеуге алынады.
Жақсы кітап – ұяттың антологиясы, бұл кітаптардың ішінен кей шығармалардың жаза басып, жабық мекеме аумағына түскен жандардың жан дүниесін жаңартуға, игі әсері мол болар деп ойлаймыз.