Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада «Учаске» іс-шарасы барысында 95 құқық бұзушылық анықталды

Қызылордада «Учаске» іс-шарасы барысында 95 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта республика көлемінде өткізіліп жатқан «Учаске» іс-шарасы барысында Қызылордада заңсыз көші-қонды болдырмау және алдын алу, шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау бағытында тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

Іс-шара барысында 95 құқық бұзушылық анықталса, оның 63- і шетел азаматтарымен жасалған әкімшілік құқық бұзушылық. Шетелдіктердің болу ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген ҚР-ның 32 азаматына қатысты әкімшілік шаралар көрілді.

– Құрметті қала тұрғындары! Шет мемлекеттерден жұмыс жасауға келген шетел азаматтарының заңда көрсетілген мерзімде құжаттарын Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы заңдастырып, Көші-қон заңнамасын бұзбағандарыңыз абзал. Заң талаптарын бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының құқықтық-нормативтік актілерінің талаптарына сәйкес шара көрілетіндігін ескертеміз, – дейді полиция қызметкерлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру