Қызылордада "Учаске" жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда
Қызылордада "Учаске" жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
1 қыркүйектен 1 желтоқсанына дейін республика аумағында "Учаске" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шараның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, есептегі тұлғаларды бақылауды күшейту және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету.
Осы мақсатта Қызылорда қалалық пробация қызметі мен Қызылорда қалалық полиция басқармасы бірлескен бұйрық негізінде қала аумағындағы барлық аймақтарда тексеру жұмыстарын жүргізуде. Тексеру барысында есепте тұрған сотталғандар тұрғылықты мекенжайларында және ойын-сауық орындарында қадағаланып, олардың мінез-құлқы мен тәртібіне мониторинг жасалуда.
Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде 500-ге жуық сотталған азамат тіркелген. Іс-шара барысында пробация инспекторлары мен полиция қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қайта құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейтті.
"Учаске" жедел профилактикалық іс-шарасы 1 желтоқсанға дейін жалғасады.
