Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада учаскелік полиция инспекторлары жалға берілетін 200-ге жуық пәтерді тексерді

Қызылордада учаскелік полиция инспекторлары жалға берілетін 200-ге жуық пәтерді тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев нұсқауына сәйкес, елімізде 14 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Іс-шара барысында қызылорда қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі учаскелік полиция қызметкерлерімен үй жайларды аралау барысында 15810 үй және аңшы қаруы бар 1823 азамат тексерілді. Тексеру барысында кемшіліктер анықталған жоқ. Сонымен қатар қаламыздағы 453 саяжай, 144 шаруа қожалығы, 27 базар мен сауда орталықтары тексеріліп, визиткалар таратылды.

Жалға берілетін 197 пәтер тексерілді. Профилактикалық есепте тұрған 643 тұлғаның мекенжайлары тексеріліп, қылмысты болдырмау және алдын алу бағытында профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, 324 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Алдағы уақытта бұл жұмыстар өз жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру