Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ұландықтар өзенге батып бара жатқан адамды құтқарып қалды

Қызылорда қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері батылдық танытып, өзенге батып бара жатқан адамды құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға Сырдария өзенінің жағасында кешкі уақытта болған. Ер адам жағада келе жатып аяғы тайып, суға құлап түсті. Алайда ағыстың күші оның жағаға шығуына жол бермеген. Осы уақытта 5547 әскери бөлімінің әскери қызметшілері — сержант Мұрат Түсекеев пен кіші сержант Жамбыл Таңсықбай сол маңда болған. Олар ер адамның көмек сұрап айқайлағанын естіп, дереу көмекке келеді.

— Біз жағада келе жатқанда "Құтқарыңдар!" деген дауысты естіп, оқиға орнына жүгіріп бардық. Өзен ағынымен кетіп бара жатқан ер адамды көрдік. Тұншығып, тырмысып жатыр екен. Мұрат дереу арқанға жүгірді, соның көмегімен ер адамды судан шығардық, — дейді кіші сержант Жамбыл Таңсықбай..

Құтқарылған азамат ұландықтарға ризашылығын білдіріп, кәсіби дайындықтарын ерекше атап өтті.

Бұл жағдай Ұлттық ұлан жауынгерлерінің кез келген төтенше жағдайда көмекке келуге әрқашан дайын екендігінің айқын дәлелі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру