Қызылордада ұрланған мал иесіне қайтарылды
Қызылордада жергілікті тұрғын ұрланған малын тауып берген учаскелік инспекторға алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаңтардың 31-іне қараған түні белгісіз біреулер 46 жастағы қала тұрғыны Бақытгүл Жүнісованың ауласынан бір бас сиырын ұрлап кеткен.
Көп ұзамай учаскелік инспектор Ерлан Абдулкаримовтің кәсіби шеберлігінің нәтижесінде сиырды ұрлаған күдікті азамат анықталып, ұсталды. Ол жұмыссыз қала тұрғыны болып шықты.
Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-1-бабына (Мал ұрлау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ұрланған малы қайтарылған тұрғын полицейлерге ризашылығын білдірді.