Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада үздік тергеуші мен анықтаушы марапатталды

Қызылордада үздік тергеуші мен анықтаушы марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәселенің мән-жайын анықтап, істің ақ-қарасын ажыратып, әділеттің ақ жолында қызмет ететін тергеушілердің еңбектері ерен деп айтсақ артық болмас.

Бұл мамандықтың иелері қылмыскерлерді құрықтап қана қоймай, бұлтартпайтын айғақтар арқылы оның кінәсін дәлелдеп, істі сотқа жібереді.

Бүгін осы саланың үздік мамандарын Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан марапаттады.

Жұмыс нәтижелері бойынша Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөлімінің аға тергеушісі Сұлтан  Рысбай  «Үздік тергеуші», Қызылорда қаласы Полиция басқармасының аға анықтаушысы Мәди Қайсариев «Үздік анықтаушы» атанды.

– Жауапты қызметті абыроймен атқарып, жақсы нәтижелерімен көзге түскен қызметкерлерді марапаттарымен құттықтап, алғыс білдіремін. Атқарып отырған еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін! – деді Департамент бастығы Бектөре Жеңісбайұлы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру