Қызылордада велосипед ұрлаған күдікті қолға түсті
Қызылордада велосипед ұрлаған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық полиция басқармасында жыл басынан бері велосипед ұрлығының 3 дерегі тіркелді.
Мәселен, 30 наурыз күні күндізгі уақытта «102» арнасына 55 жастағы қала тұрғыны дүкеннің алдында тұрған Урал велосипедін ұрлап кеткендігі жөнінде арызданған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілдері «ізін суытпай» 36 жастағы қала тұрғынын анықтады. Тергеу іс-әрекеттері барысында күдікті ұрланған мүлікті қайтарды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 1-тармағына (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Қала тұрғыны криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне алғыс білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.