Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада велосипед ұрлаған тұрғын қолға түсті

Қызылордада велосипед ұрлаған тұрғын қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қыркүйек күні қала тұрғыны Қызылорда қалалық полиция басқармасына велосипедінің ұрланғандығы жөнінде арызданды.

Түскен арыз негізінде жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, нәтижесінде күдікті азамат кезекші тәулікте ұсталды. Ұрланған велосипед иесіне қайтарылды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Тұрғын тәртіп сақшыларына қырағылық танытып, шапшаңдықпен әрекет еткені үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру