Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада «Заң мен тәртіп» идеологиясын түсіндіруге арналған танымдық кездесу өтті

Қызылорда қаласындағы Жастар орталығында «Заң мен тәртіп» идеологиясын түсіндіруге арналған танымдық кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл шараның негізгі мақсаты – қоғамда құқықтық сана мен мәдениет деңгейін арттыру, сондай-ақ құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидасын орнықтыру болды.

Кездесуге Қызылорда облысының Полиция департаменті, Әділет департаменті, Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Адвокаттар алқасының адвокаты, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Шара барысында жастар мен жасөспірімдер арасында жиі кездесетін бұзақылық, буллинг, интернет қауіпсіздігі мен кибербуллинг, лудомания, нашақорлық мәселелері және жеке бас қауіпсіздігін сақтау тақырыптары кеңінен талқыланды. Сала мамандары бұл тақырыптар бойынша жастарға маңызды ақпараттар беріп, құқықтық сауаттылықтың маңыздылығын түсіндірді.

Кездесу аясында Қызлорда облысының Полиция департаменті мен «Сыр Медиа» ЖШС бірлесіп дайындаған «Темір тордағы жас ғұмыр» атты бейнежазба көрсетілді. Бұл бейнежазба қатысушыларға қылмыс пен құқық бұзушылықтың салдары туралы әсерлі түсінік беріп, жастарды теріс әрекеттерден сақтануға үндеді.

Шара соңында қатысушылар мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты. Мұндай кездесулер құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен жастардың саналы таңдау жасауына ықпал ететін маңызды қадам болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру