Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада “Заң мен Тәртіп” тақырыбында семинар өтті

Қызылордада “Заң мен Тәртіп” тақырыбында семинар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласындағы Достық үйінде “Заң мен Тәртіп” тақырыбында танымдық семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға Қызылорда облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Сәбит Сатқанбай, басқарманың жауапты мамандары және “Қоғамдық келісім” КММ қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында заңның қоғамдағы рөлі, әділеттілік пен тәртіп қағидаларының маңыздылығы кеңінен талқыланды. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері, азаматтардың заң алдындағы теңдігі, және заң нормаларын сақтау арқылы қоғамда тұрақтылық пен келісім орнатудың жолдары сөз болды.

— Әр азамат өз жауапкершілігін сезініп, заңға құрметпен қарағанда ғана әділетті қоғам құрылады. Бұл – ортақ міндет, – деп атап өтті С. Сатқанбай.

Семинар барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпке немқұрайлық танытпау қажеттігі баса айтылды.
Іс-шара соңында қатысушылар заң мен тәртіпке негізделген әділетті қоғам қалыптастыруда әр азаматтың рөлі ерекше екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру