Қызылордада жайылымнан қойлар ұрланды
Қызылордалық полицейлер ұрыны құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы Қармақшы ауданының кезекші бөліміне Ақтөбе ауылының тұрғынынан 1 қыркүйек күні жайылымнан екі қой ұрланғаны туралы арыз келіп түсті.
Азамат жүгінгеннен кейін полиция дереу іздеу жұмыстарын бастады. Полиция қызметкерлері барлық күш-жігерін салып, жайылымды аралай бастады, жергілікті тұрғындардан сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, барлық дәлелдерді жинақтап, күдіктіні анықтады. Ол сол ауылдың тұрғыны болып шықты.
Ұсталған күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұрланған қойлар иесіне қайтарылды.
Мал ұрлығының алдын алу үшін Қызылорда облысының Полиция департаменті азаматтарға өз мүлкін сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды ұсынады. Аулаларда бейнебақылау камераларын немесе дабылды орнатуға болады. Егер ұрлық орын алса, дереу полицияға хабарласыңыз.