Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жалған ақпарат таратқан әйелге қатысты тергеу басталды

Қызылордада жалған ақпарат таратқан әйелге қатысты тергеу басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеше, 29 сәуір күні мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қызылорда қаласында жоғалған баланың өлімі туралы халықты дүрліктіретін аудиожазба таралған болатын. Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері шындыққа сай келмейтін жалған ақпаратты аудиожазба арқылы таратқан азаматшаны анықтау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде бүгін бұл азаматша анықталып, Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жеткізілді. Жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызған азаматша кінәсін толықтай мойындап отыр. 

https://youtu.be/-s171-yQziU

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабының 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес (Көрінеу жалған ақпарат тарату) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Баптың санкциясы бойынша үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қызылорда облысының Полиция департаменті азаматтарды тек ресми мәліметтерге ғана сүйеніп, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарайтын қауесеттер мен жалған ой-пікірлерге құлақ аспауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру