Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жас полицейлер салтанатты түрде ант қабылдады

Қызылордада жас полицейлер салтанатты түрде ант қабылдады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласында гарнизондық жиын өтіп, салтанатты түрде жас полицейлердің ант қабылдау рәсімімен жалғасты. Полиция қатарына жаңадан қосылған 20 жас маман Қазақстан Республикасының азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қызметін адал әрі абыроймен атқаруға ант берді.

Айтулы шараға полиция департаментінің басшылығы, басқарма мен қалалық, аудандық полиция бөлімдерінің жеке құрамы қатысты. Жас тәртіп сақшыларын ант қабылдауымен полиция департаменті бастығының орынбасары Оралбек Омаров құттықтап, олардың жауапты қызмет жолына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ жас буынды құттықтау үшін ішкі істер органдарының ардагерлері атынан облыстық мәслихаттың депутаты, полиция департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Әмірбек Шаймағамбетов сөз сөйлеп, жас қызметкерлерге адалдық пен табандылық тіледі. Ол ант – жай сөз емес, бұл халыққа, заңға, Отанға деген берік серт екенін атап өтті.

Салтанатты рәсім жас тәртіп сақшыларының құқық қорғау қызметіне деген жауапкершілігін арттырып, қоғам алдындағы борышты терең сезінуге жол ашты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру