Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жас туристердің қалалық слеті өтті

Қызылордада жас туристердің қалалық слеті өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Слетке Қызылорда қаласының оқу орындарының 100-ден астам жас туристері қатысты. Командалар кедергілі алқаннан өтіп, арқаннан түйіндер тоқуды және команда капитандарының мықтылығын көрсетті.

Финалдық жарыстарға: №№15, 217, 43, 8, 112, 173, 187 оқу орындарының командалары қатысты. № 15 мектеп-лицейінің командасы кедергілер жолағынан өту, арқаннан түйін тоқу байқауларында сөзсіз жеңіске жетсе, №173 орта мектептің командасы велосипедті мәнерлеп жүргізуден алға шықса, №8 орта мектеп командасының капитаны үздік деп танылды.

Балалар жергілікті орында бағдарлау жүргізу сайысында бақылау нүктелерінде жолақ кезеңдерін сәтті өтті. Барлық сайыстардың қорытындысы бойынша үздік жас туристер болып келесі командалар анықталды: № 15 мектеп – лицейінің командасы– 1 орын, 2 орын – №217 орта мектеп, 3 орын - №43 орта мектеп.

Слет ұйымдастырушылары: “Жастардың спорттық туризм және туристік көпсайыс федарациясы” Жастар қоғамдық бірлестігі, Қызылорда облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру