Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жас жігіт жалға алған ойын приставкасын сатып жіберген

Қызылордада полицейлер кезекті алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 қарашада Қызылорда қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны бейтаныс азаматтың өзінен  «Sony Playstation 4» ойын приставкасын жалға алып, кері қайтармай жүргені  туралы арызданған.

Тексеру барысында бұл оқиғаның 2020 жылдың 27 шілдесінде орын алғаны анықталды. Жәбірленуші бірнеше рет приставканы жалға алған азаматпен байланысуға тырысқанымен, ол телефонын қоңырауларына жауап бермеген.

Жәбірленушіге келтірілген материалдық залалдың жалпы сомасы 100 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс – шаралары барысында  облыс орталығының 18 жастағы тұрғыны ұсталып, ол жалға алған ойын приставкасын сатып жібергенін мойындады.

Қазіргі таңда бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру