Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жазасын өтеушілер кәсіби дағдыларын арттыруда

Қызылордада жазасын өтеушілер кәсіби дағдыларын арттыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде 5 сотталған skills.enbek.kz онлайн-платформасында 40 сағаттық "Дәнекерлеуші" бағыты бойынша оқыту курсын сәтті аяқтап, сертификат иегерлері атанды.

Аталған онлайн-оқыту жобасы сотталғандардың еңбек дағдыларын жетілдіріп, бостандыққа шыққаннан кейін еңбек нарығына бейімделуіне мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда қала аумағындағы 18 жеке кәсіпкерде сотталғандар дәнекерлеу цехында, пескоблок дайындау және көлік жөндеу жұмыстарын істейді.

- Бұл курс маған жаңа білім мен тәжірибе берді. Бұрын дәнекерлеу ісін үстірт білетінмін, енді кәсіби деңгейде меңгеруге мүмкіндік алдым. Алдағы уақытта осы мамандық бойынша жұмыс істеуді жоспарлап отырмын, — деді сотталған азамат.

- Біздің мақсат – сотталғандарды босатылғаннан кейін қоғамға бейімдеп, өз еңбегімен өмір сүруге ынталандыру. Осындай онлайн-оқыту жобалары олардың кәсіби біліктілігін арттырып, жұмысқа орналасу мүмкіндігін кеңейтеді, — деді сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы Саягүл Кенжеғұлова.

Мекеме басшылығы алдағы уақытта да сотталғандарды кәсіби оқыту мен еңбекпен қамту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру