Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ЖБО бейнекамералары арқылы 568 құқық бұзушылық анықталды

Қызылордада ЖБО бейнекамералары арқылы 568 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіпті сақтау мақсатында анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жедел жұмыстарды жүзеге асырылып жатыр. Бір аптада «102» арнасына 935 хабарлама келіп түсті.

Ал жедел басқару орталығының көмегімен 568 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабымен (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) 138 жүргізуші, ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы) 11 жүргізуші, ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабының 1-бөлігімен (Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу) 29 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар ҚР ӘҚБтҚ-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша 44 хаттама рәсімделді. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша 32 құқық бұзушылық анықталып, шара көрілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру