Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ЖБО камералары арқылы мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығы бір апта ішінде 998 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел басқару орталығының қызметкерлері тәулік бойы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тәртіпті сақтау мақсатында үздіксіз жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында 102 нөміріне 1002 хабарлама келіп түсті, ал орталықтың көмегімен 998 құқық бұзушылық анықталды.

Оның ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзғандар саны 887 құрады. Бұл бұзушылықтар арасында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 596-бабы (Қарсы бағытқа шығу) бойынша – 4, 600-бабы (Жаяу жүргіншіге жол бермеу) бойынша – 112, 591-бабы (ұялы телефонмен сөйлесу) бойынша – 110 және 593-бабы (Қауіпсіздік белдігін тақпау) бойынша – 275 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 200-бабы (Автомобильді немесе өзге де көлік құралын заңсыз иеленіп алу) және 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен заңсыз жұмыс істеу) бойынша 4 қылмыс ашылды.

"Мүлдем төзбеушілік" қағидасын қалыптастыру мақсатында 111 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, ұсақ бұзақылық деректері бойынша ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша – 59, 440-бабы (тыныштықты бұзу) бойынша – 32 және басқа да 27 құқық бұзушылық тіркелді.

Ал қылмыстардың алдын алу және болдырмау мақсатында бейнекамералардың көмегімен 3 қылмыс ашылды.

Бұл шаралар қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында тиімді жұмыс атқарылатынын көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру