Қызылордада ЖБО камераларының көмегімен бір аптада мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды
Қызылорда қаласы полиция басқармасы жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы бір аптада 1012 құқық бұзушылық анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығы тәулік бойы үздіксіз қырағылықпен қызмет атқарып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тәртіпті сақтау мақсатында құқық бұзушылықтар бойынша жедел жұмыстарды жүзеге асырады.
Бір апта ішінде "102" арнасына барлығы 760 хабарлама келіп түсті. Жедел басқару орталығының қызметкерлері өз күштерімен 3 қылмыстың ашылуына және 1 суық қаруды заңсыз алып жүру фактісін әшкереледі.
Оның ішінде жол жүру ережелерін бұзған 908 құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабымен (Жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану талаптарын сақтамау) 289 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, 591-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралын басқару кезiнде телефонды немесе радиостанцияны пайдалану) 124 жүргізуші, 600-бабының 1-бөлігімен (Жаяу жүргіншілерге немесе жол қозғалысының өзге де қатысушыларына жол бермеу) 101 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.