Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан азаматша ұсталды
Қызылордада рейдтік іс-шаралар өткізу барысында пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысып жүрген азаматша анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 қараша күні рейдтік іс-шаралар өткізу барысында облыс орталығындағы сауналардың бірінің меңгерушісінің пайдакүнемдік мақсатта сауна клиенттеріне жеңіл жүрісті қыздарды ұсынып, жеңгетайлықпен айналысқаны анықталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабының 1-бөлігімен (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.