Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жолаушыларды заңсыз тасымалдаған 16 автобус жүргізушісі анықталды

Қызылордада жолаушыларды заңсыз тасымалдаған 16 автобус жүргізушісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы көлемінде өтіп жатқан «Автобус» профилактикалық іс-шарасының жеті күнінде жолаушылар тасымалдауды жүзеге асырушылар тарапынан ЖҚЕ бұзудың 420 дерегі анықталды.

Атап айтқанда, қоғамдық тасымалдаушылар арасында негізгі құқық бұзушылық болып саналатын, яғни жолаушылар тасымалдау қағидаларының талаптарын бұзғандары үшін – 56, еңбек және демалу тәртібін бұзу бойынша екі, көлік құралын тиісті рұқсатсыз жабдықтаудың – 38, рейс алдындағы қарап тексеруден өтпеу бойынша сегіз, міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралдары – 80, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдалану – 74, маневр жасау қағидасын бұзу – 75, ҚР-ның міндетті сақтандыру заңнамасын бұзу – 32, жолдың қарсы бағытына шығып, көлік құралын басқарудың бір дерегі анықталды. 

Айыптұрағына 47 көлік қойылып, 50 көліктің мемлекеттік белгісі шешілді.

Атқарушы органдармен бірлесіп автобустар мен таксилердің санкцияланбаған сегіз тұрағы жабылды. 

Сонымен қатар, көлік бақылау инспекция қызметкерлерімен бірлесіп жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 16 дерегі анықталды.

Облыс бойынша адамдарды тасымалдайтын 102 қоғамдық көліктің жылыту, электр жабдықтарын және басқа да жағдайы тексерілді.

Мәселен, қоғамдық көліктің жүргізушісі Қызылорда қаласындағы жанар жағармай құю бекеттерінің бірінен шығып, қос жалпақ сызықты басып құқық бұзушылық жасаған. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігімен (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама рәсімделді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру