Қызылордада жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды
Қызылордада жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 18 шілде күні сағат 07:30 шамасында Қызылорда қаласының көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлерімен жол ережесін бұзғаны үшін автокөлік тоқтатылды. Автокөлікті басқарған 31 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
Ер адам 12 шілде 2019 жылы үш жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған, алайда ол көлікті мас күйінде қайта басқарып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірді.
Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару) дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Автокөлік айып алаңына қойылды. Жүргізуші уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.