Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жыл басынан «Арқан» құрылғысымен 30 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Қызылордада жыл басынан «Арқан» құрылғысымен 30 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласында автокөліктер ағымы басым көп жүретін көше бойларына жалпы саны 24 құқық бұзушылықтарды автоматты түрде анықтайтын сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу құрылғылары жұмыс атқаруда. Құрылғылардың негізгі мақсаты – жол қауіпсіздігін сақтап, жол көлік оқиғасын азайту.

Есепті мерзімде «Арқан» құрылғылармен 32 579 құқық бұзушылық анықталып, 339,4 млн. теңге айыппұл салынса, оның 268,9 млн. теңгесі өндірілді.

 – Құрылғылардың тиімділігін ескере отырып қаламызда алдағы уақытта құрылғыларды көбейту мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда, – деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру