Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жыл басынан бері заңсыз сауда жасаған 84 адам жауапқа тартылды

Қызылордада жыл басынан бері заңсыз сауда жасаған 84 адам жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қаңтарда Қызылорда облысы ПД жергілікті полиция басқармасы және жергілікті атқарушы орган қызметкерлері бірлесіп, Қызылорда қаласы Абай даңғылы бойында көпқабатты үйлердің ауласында орналасқан Универсам мөлтек ауданындағы ретсіз сауда жасау деректерін болдырмау, алдын алу бағытында профилактикалық іс-шара өткізілді.

Жалпы, 2025 жылдың басынан белгiленген орыннан тыс жерде сауда жасаудың 84 дерегі анықталып, құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар көрілді.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары заңсыз сауда жасау фактілерінің алдын алу және жолын кесу бойынша саудагерлер арасында түсіндірме жұмыстарын ұдайы жүргізуде.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-бабына сәйкес жергілікті атқарушы орган белгіленген орындардан тыс жерде сауда жасау ескерту жасауға немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ал осы құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасау 10 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті учаскелік полиция инспекторларымен бақылауға алынған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру