Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде қақпа алдындағы кездесу өтті
Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде қақпа алдындағы кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінен Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі және188-бабы 3-бөлігі 2,3-тармақтарымен 7 ай 6 күн мерзімге бас бостандығынан айырылған С. есімді сотталған жаза мерзімін толығымен өтеп, мекеме мамандарынан бостандыққа шыққаннан кейінгі өмірге әлеуметтік-психологиялық бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында қоғамда мінез дағдыларын қайта қалпына келтіру үшін психолог, заңгер және медицина қызметкерлерімен кездесіп, бостандыққа шыққаннан кейінгі құқықтары мен міндеттері жөнінде ақпарат алды.
– Жаза мерзімін өтеп, бостандыққа шыққалы жатқан азаматқа мекеме қызметкерлері тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл азаматтың бостандықта өзін лайықты дәрежеде ұстауы барынша жағдай жасау біздің міндетіміз, – деді мекеменің тәрбие бөлімі бастығы Мағжан Әбдімажитов.
– Жастықпен жаза басып, мерзімімді толығымен өтеп, бүгін бостандыққа шыққалы отырмын. Темір тордың арғы жағындағы өмір кімді болса да күйзеліске түсіретіні анық. Осыған орай мекеме қызметкерлері қоғамнан тыс қалдырмай, бостандықтағы өмірге қайта дағдылау жұмыстарын жүргізгені үшін алғысымды білдіремін. Кеңес алу барысында өз құқықтарым мен міндеттеріммен жақсы таныстым. Қақпа алдындағы туған-туыстарыммен кездесуге асықпын. Алдағы уақытта қателікке жол бермеймін, – деді С. есімді азамат.