Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордадағы сауда орындарында сертификатталмаған пиротехника бұйымдарын анықтау мақсатында рейд жүргізілді

Қызылорда қаласындағы сауда орындарында сертификатталмаған пиротехника бұйымдарын сатпау жөнінде рейд жұмысы жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Рейд жұмысын Қызылорда облысы әкімшілік полиция басқармасы және Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті жыл сайын Жаңа жыл мерекесін тойлау қарсаңында пиротехникалық заттарды қолдану барысында жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды қарқынды түрде ұйымдастырып келеді.

Облыс аумағындағы ірі сауда орталықтарында, базарларда, қала тұрғындарының арасында жергілікті атқарушы органдардың, Полиция департаменті қызметкерлері және еріктілерді тарта отырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

Жаңа жылдық мерекенің қарсаңында жыл сайын кей жағдайда – азаматтар пиротехниканы дұрыс пайдаланбау салдарынан жарақат алады. Әрқашан да сақ болыңыз, мерекелік көңіл-күйдің жайдарлы болуымен қатар, жақындарыңыздың денсаулығы мен аманшылығы да аса маңызды екендігін естен шығармаңыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру