Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордадағы тергеу изоляторына бас киімге жасырып телфон кіргізбек болған

Бүгін Қызылорда облысындағы ЗК-169/1 (тергеу изоляторы) мекемесінде тергеу-қамауындағы адамдардың қолдануына тыйым салынған заттарды өзкізбекші болған азаматшалар анықталдыPolisia.kz.

Мекеме қызметкерлері тергеу-қамауындағы баласымен кездесуге келген анасын тексеру барысында оны ұялы телефон және сим- карта жасырып кіргізбекші болған жерінен анықтады.

Осыған ұқсас оқиға аталған тергеу изолтяорында орын алды, яғни ағасымен кездесуге келген А. деген азаматшаны тінту – тексеру кезінде қулықпен баскиімінің ішіне жасырылған ұялы телефон мен сим карта анықталды.

Осы деректер бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша хаттама толтырылып, аталған азаматшалардың іс – құжаттары Қызылорда қаласының сотына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру