Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордадағы тергеу мекемесінде семинар өткізілді

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде тәрбие және кадр саясаты тобының аға инспекторы Д.Шахидың ұйымдастыруымен жеке құрам қызметкерлері арасында «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында семинар өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шарада мекеме бастығының жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары Е.Бегімұлы төрағалық етіп, семинарға Қызылорда қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Әйгерім Ерболат пен Еркебала Артықбаева қатысты.

Жиында «Отбасыдағы зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, видео роликтер көрсетіліп, күш қолдану, ұрып-соғу, намысқа тию, қоғамнан оқшаулау секілді зорлыққа душар болған жағдайда қалай әрекет еткен жөн екені айтылды. Сонымен қатар келген мамандар жеке құрам қызметметкерлерінің сұрақтарына тұшымды жауап беріп, өз кеңестерімен бөлісті.

– Қазіргі таңда, елімізде бұл тақырып күрделі мәселелердің біріде бірегейі болып отыр. Мекемеге тиісті мамандарды шақыртып, жеке құрам қызметкерлері арасында біршама түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Себебі қызметкерлердің жұмыс тәртібі де кестесі де ауыр. Отбасындағы түсініспеушіліктердің бірі осы мәселеден туындайды. Сол себептен жеке құрам қызметкерлерінің өздерінен бөлек отбасылары арасында да үйлеріне барып, профилактикалық түсіндірме жұмыстарын мүлтіксіз жүргізіп отырамыз, – деді мекеме бастығының орынбасары Ерлан Романкулов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру