Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордадағы тергеу мекемесінде сыбайлас-жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Қызылордадағы тергеу мекемесінде сыбайлас-жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде кадр саясаты тобының ұйымдастыруымен жеке құрам қызметкерлері арасында сыбайлас-жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Алдымен кадр саясаты тобының маманы өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа жататын  қылмыстарды санамалап, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтып берді. Яғни, қарапайым пара берушілер мен делдалдар үшін салынатын айыппұл мөлшерінінің өскендігі мен сотталған жағдайдағы жаза мерзімінің ұлғайтылғандығы жайлы да нақты дәлелдер келтірді.

– Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу әрбір қызметкердің ұстанымына, ал адалдық пен сатылмаушылық – мінез-құлық нормасына айналуы тиіс. Жеке құрам бойында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты иммунитет болмаса, қажетті нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан тергеу мекемесіндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес, үздіксіз жүргізілуі керек, – деді кадр саясаты тобының инспекторы Жаннұр Даулетиярқызы

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру