Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық алаяқ 1 жыл бұрын жоғалған құжатпен несие ресімдеген

Қызылордалық алаяқ 1 жыл бұрын жоғалған бөтен біреудің жеке куәлігін пайдаланып, несие ресімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінде кредитті оңды-солды тарататын шағын қаржы ұйымдарына бақылау болмай тұр. Соның салдарынан аңғал адамдар алаяқтардың құрған торларына түсуді жалғастыруда.

Өйткені, интернетте жеке мәліметтерді таратпау, мессенджерлер арқылы ешкімге жібермеу, жеке басты куәландыратын құжаттарға мұқият қарау керектігі туралы үнемі ескертіледі. 

Осындай алаяқтықтың құрбаны болған 1994 жылы туған аудан орталығының тұрғыны Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 20 қаңтар күні арызданды. Арызданушы 2019 жылы белгісіз жағдайда өзінің жеке куәлігін жоғалтып алған.

2020 жылы белгісіз біреу арызданушының құжатын пайдалана отырып,  “Деньги населению” шағын қаржы ұйымынан 60 000 теңге көлемінде несие ресімдеген.

Полиция басқармасы қызметкерлерінің кәсіби шеберліктерінің арқасында осы қылмысты жасауға күдікті ретінде  19 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру