Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық алаяқ зейнеткердің тонын заңсыз иемденген

Қызылордада зейнеткердің күзен тонын алдап алған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қаңтар күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 73 жастағы зейнеткер арызданды.

Ол арызында белгісіз біреудің 13 қаңтарда құны 250 000 теңге тұратын күзен тонын алдап алғанын көрсеткен.

Тәртіп сақшылары өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысты жасаған бұрын сотты болған 37 жастағы облыс тұрғыны анықталып, ұсталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру