Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық оқушы ішкі істер министрінің грамотасымен марапатталды

Қызылордалық оқушы ішкі істер министрінің грамотасымен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрлігі балаларға жол қозғалысының қауіпсіздік негіздерін насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Бала және бағдаршам» жобасы ұйымдастырылды. Байқау нәтижесі бойынша Қызылорда қаласындағы Қ.Қаракөзов атындағы №235 орта мектебінің 3-сыныбының оқушысы Арай Әмзееваның жұмысы үздік деп танылды.

​Қызылорда қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Өмірзақов Ғалымжан Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың грамотасын және сыйлық табыс етті.​ Басқарма басшылығы бүлдіршіннің ата-анасына осындай дарынды қызды тәрбиелегені үшін алғыс білдіріп, оқуда тек озат, алар асулары биік болуын тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру