Қызылордалық ҚАЖ кызметкері пәтер ұрысын ізін суытпай ұстады
Қызылордалық ҚАЖ кызметкері пәтер ұрысын ізін суытпай ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінің жедел бөлімінің бастығы Серік Махсутов пәтер ұрлығын жасаған ер адамды ұстап, қылмысты ізін суытпай ашты.
Қылмыс Қызылорда қаласында С. Жүнісов көшесіндегі жер үйлердің бірінде орын алған. Қасқөй ұры үй иелері жұмыста болған кезде сағат 10:00 шамасында үйге терезе арқылы ұрлыққа түскен. Сол күні сағат 11:00 шамасында С. Махсутов жер үйлердің қасында іс-әрекеті күдік тудыратын ер адамды байқады. Мән-жайды сұрау мақсатында оның қасына жақындап, қолындағы сөмкенің ішінде темір зат бар екенін және сату мақсатында алып бара жатқанын анықтады. Дереу 102 нөміріне хабарлайды, жедел түрде Жол патрулдік полиция қызметкерлері мен жедел тобы қызметкерлері келіп жетеді. Қызметкерлер бұл заттардың ұрланған екендігін анықтайды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.