Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицей қыз ҚР чемпионатында алтыншы рет жеңімпаз атанды

Қызылордалық полицей қыз Қазақстан Республикасының чемпионатында  алтыншы рет жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18-22 ақпан күндері Астана қаласында ересектер арасында, белбеу күрес спорт түрінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр. Сайысқа 20 облыстан 350-ден астам мықты спортшы қатысып, бақтарын сынады.

Қызылорда облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағы саптық бөлінісінің инспекторы Арайлым Оразбай 76 келі салмақ дәрежесінде бақ сынасты.

Полицей қыз 12 спортшымен күресіп, нәтижесінде финалдық кездесуде Павлодар облысының спортшысын аса басымдықпен жеңіп, табандылық пен жеңіске деген мұқалмас ерік-жігер көрсетті. Бұл аламанға қатысқан полицей қыз Арайлым облыстың намысын абыроймен қорғап, Әлем чемпионатына жолдама алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру