Қызылордалық полицейлер 2020 жылды қорытындылады
Қызылорда қалалық Полиция басқармасы 2020 жылды қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жыл басында бекітілген жоспарлар бойынша түрлі профилактикалық іс-шаралар өткізіп, жыл бойы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында бірқатар жетістіктерге қол жеткізді.
Атап айтқанда қалада қылмыстардың тіркелуі 39,1%-ға, онша ауыр емес қылмыстар 39,4 %-ға және ауырлығы орташа қылмыстар 60,7%-ға төмендеген.
Қылмыстардың тіркелуінің 39,1%-ға төмендеуі алаяқтық, бұзақылық және ұрлық сияқты қылмыстардың есебінен орын алып отыр.
Есірткі қылмыстарына қарсы күрес бойынша атқарылған жұмыстар нәтижесінде есірткі қылмыстарының тіркелуі 19,1-%-ға азайды.
Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары 107 қылмыстың ашылуына ықпал етіп, 16 мың 716 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Есеп беру кезеңінде тіркелген қылмыстардың 40,5%-ын ұрлықтар құрағандықтан, профилактикалық жұмыстардың негізгі бөлігі осы бағытта атқарылды.
Қаладағы криминогендік ахуалды сауықтыру үшін 2020 жылы жекелеген қылмыс түрлерінің алдын алу мақсатында «Пәтер», «Қару», «Мал ұрлаушы», «Автоұры», «Аккумулятор» сияқты жедел-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, оң нәтижелерге қол жеткізілді.
Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде бөтеннің мүлкін ұрлаудың тіркелуі 56,2%-ға, пәтер ұрлықтарының тіркелуі 47,7%-ға, мал ұрлықтарының тіркелуі 37,6%-ға және ұялы телефон ұрлықтарының тіркелуі 59,6%-ға төмендеген.
2020 жылы облыс полицейлері 10 471 құқық бұзушылықты анықтап, әкімшілік шаралар қолданды. Оның ішінде қоғамдық орындарда мас күйде жүрудің 3861 дерегі, ұсақ бұзақылық немесе қоғамдық орындарды ластаудың 1035 дерегі, тыныштықты бұзудың 2295 дерегі, белгіленбеген орындарда сауда жасаудың 225 дерегі, кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз жүруінің 997 дерегі, кәмелетке толмағандардың белгіленбеген уақытта ойын-сауық орындарында жүруіне жол берудің 31 дерегі тіркелген.
Қоғамдық қауіпсіздік бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 24 мың, жол қауіпсіздігі бойынша 101 мың азаматқа қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылған.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 42,1%-ға, көшелерде жасалған қылмыстар 30,3%-ға, мас күйінде жасалған қылмыстар 16,2%-ға, топ болып жасалған қылмыстар 14,7%-ға, кәмелетке толмағандар жасалған қылмыстар 40,0%-ға және қару қолдана отырып жасалған қылмыстар 61,1%-ға төмендеген.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жыл басынан бері облыс көлемінде профилактикалық бағыттағы түрлі шаралар өткізілді, нәтижесінде орын алған жол-көлік оқиғалары 12%-ға төмендеді.
2020 жылы қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес автокөлікті екінші рет мас күйде басқарғаны үшін жүргізушілерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, дереу қамауға алу қолданысқа енгізілді.
2020 жылы автокөлікті мас күйде басқарудың 551 дерегі анықталса, осы құқық бұзушылықты қайта жасағандардың саны 26-ға жетті.