Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер 22 мың түп сора өсімдігін жойды

Қызылордалық полицейлер «Қарасора-2022» ЖПІШ аясында 22 мың түп сора өсімдігін жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің қойылған талаптарына сәйкес, 2022 жылғы 1 маусым мен 31 қазан аралығында «Қарасора-2022» кең ауқымды арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Атқарылған ауқымды іс-шаралар нәтижесінде Қызылорда облысының Полиция департаментімен барлығы есірткі қылмысына қатысты 121 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде есірткі өсірудің – 55, есірткі сатудың – 12, есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың – 14, есірткі жарнамалаудың 2 дерегі анықталды.

Заңсыз айналымнан 72 келіге жуық марихуана және 501 грамм синтетикалық есірткі заты тәркіленді. Есірткі өсірудің 18 дерегі – далалық аймақтарда егіп-бапталған ірі есірткі алқаптары, ал 37-сі үй, бау-бақша, саяжай аулаларына егу дерегі.

Оқиға орындарында 21910 түп сора өсімдігі жойылды. Жалпы 10 тоннаға дейін марихуана шикі өнімінің заңсыз айналымға түсуінің жолы кесілді. Есірткі өсірумен айналысқан 54 адам құрықталса, оның 16-ы қамауға алынды.

Іс-шара кезінде Қызылорда қаласына кіре-беріс тас жолдарда жылжымалы мобильді бекеттер құрылып, қызметкерлер жұмылдырылды. Бекеттерде автокөліктерді қызметтік іздестіру итінің көмегімен тексеру нәтижесінде есірткі тасымалдаудың 18 дерегі, оның ішінде Астана, Ақтөбе, Атырау қалаларына аса ірі мөлшерде тасымалдаудың  7 дерегі анықталды.

Қазіргі уақытта да есірткі қылмыстарын анықтау мақсатында топтар құрылып, шолу жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру