Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер 350-ге жуық пиротехникалық өнімді тәркіледі

Қызылордалық полицейлер 350-ге жуық пиротехникалық өнімді тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 желтоқсаннан бастап Қызылорда облысы көлемінде «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Облыс бойынша жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында пиротехникалық заттарды заңсыз сатудың 11 дерегі анықталды.

Оның ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 196-бабымен (Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау) алты дерек анықталып, 347 дана пиротехникалық зат тәркіленді, 436-бабының 3-бөлігімен (елді-мекендерде пиротехникалық бұйымдарды қолдану) 4 дерек анықталып, құқық бұзушыларға әкімшілік шара көрілді.

Сонымен қатар 483-бабының 1-бөлігімен (Пиротехникалық заттарды пайдалану, сату және сақтау ережелерін бұзу)  бір құқық бұзушылық анықталды.

– Өңір тұрғындары мен қонақтарын пиротехникалық бұйымдарды тек арнайы дүкендерден сатып алу керектігін ескертеміз, бұйымның қаптамасының бүлінбегеніне назар аударыңыздар. Сондай-ақ өнімнің жарамдылық мерзіміне де көңіл бөлген жөн. Пиротехникалық бұйымдарды тиісті рұқсат құжаттарынсыз сатқандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз. Атап айтқанда, тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау бойынша 25 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ал пиротехникалық заттарды пайдалану, сату және сақтау ережелерін бұзу бойынша азаматтық пиротехникалық заттар және оларды қолданып жасалған бұйымдар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – 5, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 10, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 15, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 45 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Осы іс-шара 2022 жылдың 12 қаңтарына дейін жалғасатын болады, – деп атап өтті Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бекторе.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру