Қызылордалық полицейлер 85 жастағы тыл ардагеріне жаңа төлқұжат табыстады
Қызылордалық полицейлер 85 жастағы тыл ардагеріне жаңа төлқұжат табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көші-қон полициясына 85 жастағы Дәмежан Рысмағанбетова төлқұжатының жарамдылық мерзімі өткенін айтып, көмек сұраған. Хабар алысымен полицейлер халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен бірлесіп қарт әжейдің құжаттарын тез арада рәсімдеп берді. Қызылордалық көші-қон полиция қызметкерлері кейуанамыздың үйіне барып, жаңа төлқұжатын табыс етті.
85 жастағы әжей Дәмежан Рысмағанбетова Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінің тұрғыны, тыл ардагері, ұл-қыз өсіріп, одан немере-шөбере сүйіп отырған батыр ана. Ешқайда бармай, жаңа төлқұжат алған Дәмежан апа мамандарға алғыс айтып, ақ батасын берді.