Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер арнайы операция кезінде есірткі притонын анықтады

Қызылордалық полицейлер арнайы операция кезінде есірткі притонын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қазан күні Қызылорда ПД Есірткі қылмысына қарсы іс қимыс басқармасының қызметкерлерімен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу барысында 68 жастағы қызылордалық өзінің тұрғылықты мекенжайында үш сыбайласымен бірге есірткі затын қайнату арқылы “экстрациялық апиынды” дайындап, тамыр арқылы егіп, тұтыну үшін притон ұйымдастыру үстінде құрықталды.

Мекенжайына қарап-тексеру кезінде айғақты заттар – есірткі заты қайнатылған ыдыс-аяқтар, шприцтер заттай дәлелдеме ретінде алынды. Ұсталған күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 302-бабының 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты осы мақсаттар үшiн үй-жайлар беру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты “күзетпен ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды және ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру