Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер “Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн” ақпараттық науқанын өткізіп жатыр

“Барлығы балалар үшін” республикалық акциясының ұсынымдамасына сәйкес, Қызылорда облысының Арал ауданында 25 мамыр – 12 маусым аралығында “Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн” Ұлттық ақпараттық науқаны өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Науқанды өткізудің негізгі мақсаты – қоғамның назарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару, сондай-ақ осы саладағы құқықтық ақпараттандыру болып табылады.

Арал ауданы полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының инспекторлары аудан көлемінде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің еңбек құқықтарын қорғау, оның ішінде олардың өмірі мен денсаулығына қауіпті еңбекке тартуға жол бермеу бағытында бала тәрбиесіне мүдделі органдармен бірлесіп, дәмханалар, май құю бекеттері, сауда орталықтары және көлік жуу
орындарына рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Рейдтік шаралар барысында бала еңбегін заңсыз пайдалану және олардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіру деректері анықталған жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру