Қызылордалық полицейлер балалар арасында сурет байқауын ұйымдастырды
Қызылордалық полицейлер балалар арасында сурет байқауын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылып жатқан айлықтың шеңберінде және 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында балалар арасында «Есірткісіз болашақ!» тақырыбында сурет салу байқауы ұйымдастырылды.
Байқау онлайн форматта өтті. Балалар өз жұмыстарын мессенджерлер арқылы жолдады. Жеткіншектер өз суреттерінде есірткісіз өмір сүру деген сұраққа жауап беруге тырысып, суреттерін салуға өте тиянақты қарады.
Қойылған сұрақтарға жауап алынды, шығармашылық көрме экспозициясы 25 баланың жұмысынан құрылды. Барлық жас суретшілер сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Байқауға «Атамекен балалар ауылының», Қызылорда еріктілері қоғамдық бірлестігінің, Спорттық туризм және туристік көпсайыс жастар федерациясының және полиция қызметкерлерінің балалары тартылды.