Қызылордалық полицейлер балалармен кешенді ақпараттық-практикалық іс-шаралар өткізуде
Қызылордалық полицейлер балалармен кешенді ақпараттық-практикалық іс-шаралар өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жасөспірімдер тәрбиесіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, кәмелетке толмағандармен жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес тиімділігін арттыру шараларын жүзеге асырып келеді.
Бүгінгі таңда облыс көлемінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жұмыстардың нәтижесінде, қылмыстың денгейі өткен жылмен салыстырғанда төмендеуіне қол жеткізілді.
Өткен жылдың 12 айында облыс бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар деңгейі 4,6 пайызға (65-тен 68-ге) өскен.
Кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында осы жылы «Жасөспірім – Көше», «Қауіпсіз мектеп – автобус», «Заң – Бала – Қауіпсіздік», «Түнгі қаладағы балалар», «Түнгі қала», «Жасөспірім» атты жедел- профилактикалық іс-шаралары өткізілді.
Жоғары оқу орындарында, мектептерде және лицейлер мен гимназияларда басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, ZOOM бағдарламасы арқылы алкоголизмнің, есірткінің зияны, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктері, жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігі, жыныстық қол сұғылмаушылықтың және кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу тақырыбында әнгіме лекциялар, дөңгелек үстелдер, сұхбаттар өткізілді.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар қарсы жасалатын жыныстық қолсұғылмашылықтарды алдын алу мақсатында, «Балалардың қауіпсіздігі мен ата-аналардың жауаптылығы», «Балақай сен білесің бе?» атты жадынамалар таратылды.
Есепті мерзімде ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлерімен барлығы 5208 құқық бұзушы ішкі істер органдарына жеткізілсе, оның ішінде әртүрлі құқық бұзушылық жасағандары үшін 4865 адам жеткізілді, сонымен қатар 283 жасөспірім кәмелетке толмаған бейімдеу орталығына жатқызылса, 60 жасөспірім қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды.
ҚР ӘҚБтК 442-бабымен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуы) дерегімен 4663 кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Балалардың тәрбиесімен айналыспай, ата-аналық міндеттерін дәлелсіз себептермен орындамайтын алты ата-ананы сот құзырымен ата-аналық құқығынан айырса, жеті ата-ананы ата-аналық құқығынан шектеді.
Құқық бұзушылықтарды жүйелі түрде жасайтын алты кәмелетке толмағандар девиантты білім беру және арнайы білім беру ұйымдарына соттың шешімімен орналастырылды.
Облыстық девианты мінез-құлықты балаларға арналған интернатқа үш кәмелетке толмаған, Шығыс-Қазақстан облысы Көкпекты ауданы Үлкен Бөкен ауылында орналасқан «Шығыс Қазақстан облысының ерекше режимде ұстайтын арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне үш кәмелетке толмаған орналастырылды.