Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер дәрі-дәрмекті заңсыз сату фактілерін анықтады

Қызылордалық полицейлер дәрі-дәрмекті заңсыз сату фактілерін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы көлемінде дәрілік заттардың сатылуына мониторинг жүргізу барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің және қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен дәріханаларда таусылған дәрілік заттарды үстеме бағамен қосып заңсыз сатудың 45 дерегі  анықталды.

Мәселен, 23 шілде күні полиция қызметкерлерімен заңсыз медициналық дәрілік препараттарды жоғары бағада сатып, кәсіпкерлік қызметпен лицензиясыз айналысқан Қызылорда қаласының екі тұрғыны, 42 жастағы ер адам пен 35 жастағы әйел ұсталды.

Ұсталған адамдардың тұрғылықты мекен-жайындағы заңсыз тіркелмеген дәріханасынан жалпы соммасы 15 (он бес) миллион теңге тұратын жүзден жоғары түрлі медициналық  дәрілік препараттар  алынды.

Бүгінгі таңда бұл деректер бойынша тексеру жұмыстары жалғасуда.  

Тексеру барысында анықталған заңсыз дәрі-дәрмек сату деректері бойынша заңға сәйкес құқықтық баға берілетін болады.

Қызылорда облысы Полиция департаменті облыс тұрғындарынан дәрі-дәрмектерді заңсыз сату деректері анықталған жағдайда полиция бөлімшелеріне немесе “102” телефондары арқылы хабарлауын сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру