Қызылордалық полицейлер дөңгелек үстел өткізді
Қызылордалық полицейлер "Елбасы мұраты – ел бақыты" атты дөңгелек үстел өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жалағаш ауданының полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне орай "Елбасы мұраты – ел бақыты" атты дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты - Жалағаш ауданының Полиция бөлімінің қызметкерлерінің патриоттық рухын, ерлік сезімін ояту және Елбасының қоғамға, мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау, жастардың туған жерге сүйіспеншілігін арттыру болып табылады.