Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер ережесіз жекпе-жектен Әлем чемпионатында жүлделі орындар алды

Қызылордалық полицейлер ережесіз жекпе-жектен Әлем чемпионатында жүлделі орындар алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 20-23 қазан аралығында Қарағанды қаласында жасөспірімдер мен ересектер арасында ережесіз жекпе-жектен Әлем чемпионаты өтті.

Жарысқа әлемнің 30-дан астам елінен мыңнан аса спортшы қатысты. Қазақстан Республикасының құрама командасы 9 түрлі салмақ дәрежесінде бақ сынады.

Айта кетерлігі, құрама командадағы спортшылардың көпшілігі еліміздің күштік құрылымдарынан жасақталған. Оның ішінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторлары Асқар Қоңқабаев пен Алтынбек Турмаханов 86 кг салмақ дәрежесінде сынға түсті.

Тартысты додада А.Қоңқабаев алтыннан алқа тағып, әлем чемпионы атанды. Ал А.Турмаханов аталған салмақ дәрежесінің күміс жүлдегері атанды.Әлемдік доданың нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орынды иеленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру