Қызылордалық полицейлер кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар қабылдауда
2020 жылдың 10 айында Қызылорда облысының Полиция департаменті ювеналды полиция бөліністерінің қызметкерлері облыс көлемінде үш мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтап, қаңғыбастық пен кезбелікке салынған 171 жасөспірімді Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабымен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) 58 ата-анаға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 45 кәсіпкер, оларға темекі бұйымдарын сатқан 18 және алкоголь өнімдерін сатқан 30 сатушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ сот шешімімен балаларының тәрбиесімен айналыспай, ата-аналық міндеттерін белгісіз себептермен тиісінше орындамайтын төрт азамат ата-аналық құқығынан айырылып, үш азаматтың ата-аналық құқығы шектелді.